Последние новости

Латын нотариатының Халықаралық кеңесі

Латын нотариатының Халықаралық кеңесі (ЛНХК) 1948 жылы құрылды. Латын нотариатының Халықаралық кеңесі – 81 елдің (2010 ж. мәлімет бойынша) нотариаттық бірлестіктерінің халықаралық одағы.

ЛНХК құрылуының мақсаттары келесілер:

- нотариатқа халықаралық ұйымдарда өкілдік ету;
- ұлттық, соның ішінде нотариаттық ұйымдармен ынтымақтасу;
- нотариаттық қызмет саласында құқықты зерттеу және жетілдіру;
- латын нотариатының қағидаттарын тарату;
- халықаралық конгресстерді ұйымдастыру.

 

Латын нотариаты римдік құқық дәстүріне негізделеді. ЛНХК-ға кіретін елдерде континенттік (римдік-германдық) құқықтық жүйе әрекет етеді, ал нотариаттық рәсімделген құжаттар көпшілікпен танылуға және жоғары дәлелдемелік күшке ие.

Латын нотариатының парыздары:

өз министрлігіңді құрметте;
іс-әрекеттеріңе аз ғана күмән келетін болса да, одан*бас тарт, тыйыл, тартын;
Шындықты тиісті түрде бағала;
байқап жұмыс істе **;
құштарлықпен зертте;
Абыройыңмен кеңес;
Әділдікті басшылыққа ал;
Заңмен шектел;
Адамгершілікпен қызмет жаса;
Есіңде сақта, сенің міндетің адамдар арасында дауды болдыртпау.

 

(Бұл парыздар 1965 ж. Мексикада өткен Латын нотариатының Халықаралық конгресінің 89-шы пленарлы отырысындағы нотариустардың эквадорлық делегациясының баяндамасынан алынды).

FaLang translation system by Faboba
enis