Последние новости

ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

1997 жылы 14 шілдеде қабылдаған №155 “Нотариат туралы” Заң республиканың жаңа нотариалдық жүйесін қалыптастырды. Жеке нотариустың статусы кұқықтар мен фактілерді куәландыруға және аталған Заңмен қарастырылған басқа міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жариялық құқықтың әрекеттерін жасауға өкілеттілігі бар ерекше заң мамандығы ретінде анықталды.

1998 жылы 25 сәуірде нотариалдық кәсіппен айналысуға құқық беретін алғашқы лицензиялар берілді. Сол жылдың қыркүйегінде Павлодар қаласында нотариустар үшін бірінші республикалық семинар өтті.

Нотариат жүйесі, бұрын әрекет еткен тәртіпке қарағанда, атқарушы билік органдарының жүйесіне кірмейді, заңға сәйкес тікелей және дербес қызмет ететін, өзін-өзі реттейтін белгілі нотариалдық бірлестіктер аумағында өмір сүреді.

1998-1999 жылдары республика облыстарында, Астана және Алматы қалаларында 16 территориалдық нотариаттық палаталар құрылды. 2000 жылы көктемде Қазақстанның барлық нотариустардың құрамынан (900 адам) жеке нотариустар (600 адамдай) нотариаттық палаталарының мүшелері болды. Қалған нотариустар мемлекеттік нотариустар болды, олардың қызметі Әділет министрлігінің территориалдық органдарымен реттелді.

2000 жылдың 18 ақпанында өткен I құрылтайшы Съезде территориалдық нотариаттық палаталардың қызметін республикалық деңгейде реттеу үшін және жеке нотариус мамандығы мен кәсіби мүдделерді бұқаралық түрде өкілеттеу үшін Республикалық нотариаттық палатаны құру туралы шешім қабылдады.

FaLang translation system by Faboba
enis