Последние новости

НОТАРИАТТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Қазіргі кездегі нотариатттың күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар. Отандық заң терминдеріне кірген басқа да көптеген заң терминдері сияқты «нотариус» сөзі латын тілінен енді. Латын тілінен аударғанда, бұл сөз «белгі» дегенді білдіреді, ал белгілік нышандар мысалы музыкада (ноталық сауаттылықта) қолданылады, бұл салада олардың бастапқы жазылуы мен мазмұны сақталды.

Роман-германдық тілдер тобында, мысалы қазіргі ағылшын тілінде бұл сөздің латын тіліндегі түбірі, әрі туындылары сақталған: notary-нотариус, notaryal-нотариаттық, notarise-растау, нотариаттық куәландыру .

Тарихи тұрғыдан нотариатқа деген қажеттілік меншіктік қатынастардың белгілі бір даму деңгейінде объективті түрде пайда болды. Меншіктік қатынастардың дамығандығы және құқықпен реттелгендігі нотариустармен немесе мемлекетпен нотариалды өкілеттіліктер берілген тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс нақты заңды (формальді) процедуралардың қажеттілігін тудырады.

Қоғамдық формацияның дамуының басынан бастап, құқықтың керектігі көріне бастайды. Әрине, жеке адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ топтардың арасында да жанжалдар шыға бастады. Мүмкін, осындай жағдайлардың пайда болуы адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі бейбіт құра алатындай ережелерді қалыптастыруға итермелеген шығар. Сөйтіп біртіндеп бірінші қол жазба жүріс-тұрыс қағидалары, нақтырақ айтқанда, құқық пайда болған .

Ежелгі Вавилонда жеке меншіктің және жай азаматтық айналымның пайда болуынан бастап иемденген құқықтырды растауға куәгерлер қызмет етті.Олар жазбаша келісім мәмілелер жасасу әдеті орнатылғанша нотариалдық қызметке ұқсас жұмысты атқарып отырды. Куәгерлер мәмілеге сәйкес міндетеммелердің мазмұнын есте сақтап, керекті кезде оны қайталап келтіріп отыруы тиіс болды. Жазбаша мәміле пайда болғаннан соң куәгердің рөлі өзгерді. Ол мәміленің мақмұнын емес, тек оның жасалғандығын ғана растау үшін қолданылып отырды. Мәмілелер мазмұны саз балшықтан жасалған арнайы тақтайшаларға жазылып, өз иесінде сақталды немесе иелерінің қалауы бойынша жақсы сақталу үшін шіркеу мұрағатына енгізіліп отырды. Тақтайшыны құжатты дұрыс толтыруы үшін сәйкес білімі бар хатшы толтырды. Азаматтық айналымның дамуы иеленген құқықтырдың даусыздығын қаматамасыз ететін құжаттарды құрастыратын арнайы жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік шенеуніктерге деген мұқтаждықты тудырды .

Бірінші дерек көздерінде берілген нотариус мамандығы туралы ескерме Хамурапи ханының кодексімен байланысты. Бұл кодекстің мәтіні мемлекеттің көптеген елді мекендерінің негізгі алаңдарына орналастырылған бекем тастың бетіне жазылған. Оның мазмұнында бүгінгі біздің «нотариаттық құқық» деп айтып жүргеніміз болды: азаматтық хал актілері, құрылтай келісімдері, мұрагерлікті құрастыру, неке тіркеу туралы келісімдер.

Мұндай «сазды актілер» негізінде шіркеулерде сақталды, ал нотариалды функцияларды атқарып жүрген тұлғалар өте қадірлі, абыройлы әрі ел ішінде беделі бар адамдар болды . Бұл тарихи дерек көздері бойынша нотариус қызметі қаншалықты көне екенін аңғаруға болады. Хатшы (хатшылар), шіркеу қызметкерлері және т.б. қағаз ойлап шырағылғанға дейін де нотариалды қызмет атқарып отырды.

Айтып кетуіміз керек, нотариус болып өте қадірлі адамдар жұмыс істеді. Жұртшылық олардың айтқанын тыңдап, қадірлеп, сенім артты. Нотариалдық хаттауды керек ететін кейбір мәмілелерді жасасу кезінде жеке адамдардың қатысуы қажет болды, олар кейде қызық жағдайларға да куә болып отырды. Мысалы, адам қарызды қайтару кепілі ретінде отбасын бірнеше жылға құлдыққа аманат ретінде беретін болды.

Адам ойының дамуымен бірге нотариалдық өнер де дамыды. Келесі кезең ұлағаттылығын Аристотель, Платон және Диоген айқындаған Ежелгі Грециямен байланысты. Дәл осы кезде нотариустар мемлекеттік және жеке құқыққа сүйене отырып келісім-шарттарды хатау мен тіркеуді жүзеге асыра бастады. Рим империясында алғашқы рет нотариус жөнінде Юлий Цезарьдың хатшысының жазуларында айтылған. Жоғарыда айтылғандай, “нотариус” сөзінің Римдік тегі бар, оның пайда болуы б.з.д. 103 жылға қатысты. Цезарьдың басқаруы кезінде нотариустар ерекше өкілеттіліктерге ие болды, өйткені екі жақ қол қойып, қолдары анықталған әр түрлі актілерді тіркеу мүмкіндігі пайда болды.

Ежелгі Римде құқықтық материалды жазбаша түрде құрастырумен айналасатын адамдардың 2 тобы болды: мемлекет қызметінде тұрған хатшылар (олардың қызметтеріне магистраторлар беретін өкімдерді және претораторлар шығарған сот формулаларын жазбаша құрастыру кірді) және жеке тұлғалардың қызметінде болған хатшылар (әр түрлі заң мәмілелерін ресімдейтін үйдегі хатшылар). Тағы бір адамдар тобы –табеллиондар (олар да заңды материяны құжат түріне енгізді, бірақ олар не мемлекет, не жеке тұлға қызметінде тұрмады, дегенмен олардың іс-әрекеттері мемлекеттің бақылауында болды) болды. Табеллиондар мемлекеттік қызмет атқармайтындарына қарамастан, заңмен бекітілген сыйақы үшін және мемлекеттік бақылау негізінде заңдық актілерді және сот қағаздарын құрастырумен еркін кәсіп ретінде айналысты. Құқықтық білімі бар әр адам табеллион болуға мүмкіндігі болды.

doc Толғырақ

FaLang translation system by Faboba
enis