Последние новости

Төрайым

Республикалық нотариаттық палатаны РНП Басқармасымен қатар төрт жыл мерзімге сайланатын РНП Төрағасы басқарады.
Төраға болып сайлау күніне дейін бес жылдан кем емес мерзімде нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.

Төраға РНП Съездерін дайындауды және өткізуді ұйымдастырады,  РНП-ның Басқарма отырыстарын дайындайды және өткізеді, РНП Басқармасының және аппаратының ағымдағы жұмысын басқарады, РНП қызметінің жарғылық түрлерін жүзеге асыруға жауапты болады және бақылауды іске асырады.

Жанәбілова Әсел Болатқазықызы

1969 жылы 28 шілде айында Алматы қаласында дүниеге келді.
1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетін бітірді.
Кейінірек «қаржы және экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
Тұрмыс құрған, екі баласы бар.
1993 жылдан бастап  Алматы қаласында нотариус болып қызмет атқарды.
1997 жылы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі астананы ауыстыру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бірі болып Ақмола қ. көшті. 1997 жылдан бастап нотариат істері жөніндегі бөлімнің бастығы болды, сонан соң ҚР әділет Министрлігінің заң қызметтерін ұйымдастыру басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.
2000 жылдың 18 ақпанында  Республикалық нотариаттық палатаның Төрайымы болып сайланды. Қазақстандағы жекеше нотариаттың қалыптасуына, дамуына көп үлес қосты – еліміздегі аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, олардың жұмыстарын ұйымдастыратын, әдістемелік көмек көрсететін, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарында мүдделерін қорғауға жәрдем беретін ешкімге белгісіз болған құрылым - Республикалық нотариаттық палатаны құру бойынша жауапкершілікті өз мойнына алды.
Республикалық нотариаттық палатаның бірінші Төрайымы ретінде жекеше нотариаттың даму кезеңдерінде «Нотариат туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ Азаматтық, Салық Кодекстеріне және басқа да заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша бағыттарды анықтауға байланысты күрделі және жауапты жұмысқа белсенді қатысты.
Қазіргі таңда Республикалық палатаның қалыптасуының барлық кезеңдерін өтіп, білімдері мен күштерін нотариатқа бере отырып, Әсел Болатқазықызы бұрынғыша Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығын басқарады.
Белсенді өмірлік ұстанымы, терең кәсіби білімдері мен тәжірибесі, өз ісіне деген жауапкершілігі, алға қойған мақсаттарына жетуге ұмтылушылығы,  еңбекқорлығы мен дарыны арқасында Әсел Болатқазықызы өз әріптестері арасында лайықты мәртебеге және құрметке ие. 

  Республикалық нотариаттық палата Төрағасы:

- РНП атынан меморандумдарға, келісімдерге және азаматтық-құқықтық шарттарға қол қояды;
- нотариустардың халықаралық, шетелдік қоғамдастықтарында және өзге де халықаралық коммерциялық емес ұйымдарда РНП мүдделеріне өкілдік етеді;
- РНП-ның қаржылық және басқа да құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
- РНП Басқармасының мүшелеріне олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша тапсырмалар береді;
- бекітілген бюджет немесе смета шеңберінде РНП қаражаттарын басқарады;
- мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, соның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда РНП мүдделеріне өкілдік етеді;
- РНП Съездерінің және Басқармасының шешімдерін орындауды ұйымдастыруға жауапты болады;
- РНП-ның іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;
- РНП Басқарма аппаратының қызметкерлерімен орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

  Республикалық нотариаттық палата Төрағасын сайлау тәртібі және өкілеттіктері «Нотариат туралы» ҚР Заңымен және Республикалық нотариаттық палата Жарғысымен анықталады.

«Нотариат туралы» ҚР Заңының 29 бабына сәйкес Республикалық нотариаттық палата Төрағасы жасырын дауыс беру жолымен төрт жыл мерзімге сайланады.

FaLang translation system by Faboba
enis