Последние новости

Қызметтері

Республикалық нотариаттық палата (бұдан әрі мәтін бойынша – РНП) аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Республикалық нотариаттық палата:

- нотариаттық палата қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

- мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда, соның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда, нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделеріне өкілдік етеді;

- нотариат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің заңжобалық және сараптамалық қызметіне қатысады;

- нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;

- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және нотариат мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді;

- нотариустың Ар-намыс кодексін әзірлейді және бекітеді;

-заңнамаға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

РНП өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және РНП Жарғысымен нақты анықталған. Республикалық нотариаттық палата бюджеті республиканың әрбір аумақтық нотариаттық палатасы төлейтін мүшелік жарналар есебінен құрылады.

FaLang translation system by Faboba
enis